Астанада лифт есігін әдейі теуіп сындырған адам ұсталды

Астанада лифт есігін әдейі теуіп сындырған адам ұсталды
Фото: depositphotos.com

Астанада өзгенің мүлкін бүлдірген 330-дан аса бұзақы ұсталып, жазаланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

2024 жылы жалпы сомасы 17 млн 112 мың 420 теңге шығын келтірген 360-тан аса бұзақылық анықталды. 2025 жылы жыл басынан бері 393 мың 200 теңге шығын келтірген 10 дерек тіркелді.

Бұзақылық жасағаны үшін 337 адам жауапкершілікке тартылып, оның 198-іне айыппұл салынып, 139-ы әкімшілік қамауға алынды.

Барлық құқықбұзушы табылып, ҚР ӘҚБтК-нің 147-1 бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

"Оқиғаның бірі қаладағы тұрғын үйлердің бірінде болды. 34 жастағы тұрғын лифт есігін теуіп әдейі сындырған. Полицейлер құқықбұзушыны анықтап, нәтижесінде ол бөтеннің мүлкін қасақана жойғаны немесе бүлдіргені үшін жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен ер адам 15 тәулікке уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп жазылған мәліметте.

Бұзақылық әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады. Мұндай әрекет үшін айыппұл салынып, өтемақы немесе тіпті қамауға алынуы мүмкін. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова