Әлеуметтік желіге жүргізілген мониторинг барысында белгісіз ер адам қызға интим сипаттағы әдепсіз ұсыныс жасағаны түсірілген видео анықталған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Тексеріс барысында полиция қызметкерлері 42 жастағы ер адамды анықтап, ұстаған. Ол уақытша ұстау бөлмесіне қамалған.
"Ол қоғамдық орында қызға тиісіп, айналасындағыларға анық құрметсіздік танытқан. Бұл дерек бойынша ер адам ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деп жазылған хабарламада.
Сот шешімімен оған 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл түріндегі әкімшілік жаза тағайындалған.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!