- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Астанада қызға жасалған...
Астанада қызға жасалған шабуылдың видеосы: полиция іс қозғады
Фото:
видеодан алынған кадр
Желіде Астанада қызға жасалған шабуылдың видеосы тарап жатыр. Қалалық полицейлер тонау фактісін анықтап жатқанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Видео авторы шабуыл Құдайбердіұлы көшесінде таңертең болғанын жазған. Кадрдан ер адам қыздың артынан жүгіріп жетіп, оның мойнынан ұстап алғаны көруге болады. Қыз қарсылық жасамақ болғанымен, бұдан ештеңе шықпады. Ер адам оны тоқтап тұрған көліктің артына қарай сүйреп апарады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Астана полициясы оқиғаның мән-жайын анықтап жатқанын айтты.
"Астана полиция департаменті тонау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Тергеу мүддесіне сай басқа ақпарат жария етілмейді", - делінген полиция хабарламасында.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан