Астанада қыз ғимараттың 15-қабаттағы жақтауына шығып алған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бүгін 112 қызметіне Байқоңыр ауданы Ш.Иманбаева көшесінде 15-қабаттағы парапеттің шетінде адам тұр деген хабар түскен.
"Оқиға орнына ТЖД бөлімшелері дереу жетті. Құтқарушылар көрші пәтер арқылы қауіпті жерге шығып, бойжеткенді бұл қадамнан бас тартуға көндіруге тырысып, келіссөзді бастады. Осы уақытта құтқарушылардың тағы бір тобы автосаты көмегімен көтерілді", - деді ТЖМ өкілі.
Осылайша 1999 жылы туған қыз құтқарылған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова