Астанада қыз биіктен құлап, мерт болды. Қайғылы оқиға 9 ақпанда болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Куәгерлер оқиға Кенесары мен Уәлиханов көшелері қиылысындағы көпқабатты үйде болғанын мәлімдеді.
"16 жастағы қыз 16-қабаттан құлады", - деді трагедия куәгерлері.
Астана полиция департаментінің баспасөз қызметінің өкілі елорда тұрғынының өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалғанын жеткізді.
"Болған оқиғаның мән-жайын анықтау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр", - деді ведомство өкілдері.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда жұмысшы биіктен құлап мерт болғаны хабарланды. Қайғылы оқиға әл-Фараби мен Назарбаев даңғылдарының қиылысында орналасқан жаңа өнер мұражайының құрылыс алаңында болды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова