Құтқарушылар пәтердегі балконның қоршауларының арасында басы қысылып қалған қызға көмектесті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, оқиға сейсенбі күні болған.
"Нұра ауданының Е-17 көшесінде орналасқан көпқабатты тұрғын үйлердің бірінің балконында баланың басы қоршау арасында қалып қойды", - деп хабарлады ведомство.
Оқиға орнына жеткен құтқарушылар аспалы құралдардың көмегімен баланы шығарып алды.
Қыз бала зардап шеккен жоқ, медициналық көмек қажет болмаған.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз