Әсет Исекешев коммуналдық қызметтердің қысқа дайындық жұмыстарымен танысты, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.
Қыста Астанада қар жинау жұмыстарына 2 мыңға жуық мамандандырылған техника тартылады, соның ішінде «Алматы» ауданында - 395, «Сарыарқа» ауданында - 349, «Есіл» ауданында - 294. Сонымен қатар, «Астана тазалық» және «Астана Зеленстрой» арнайы техникалары қысқы маусымға дайын. Жолдар мен көшелерді қолмен жинауға үш мыңнан астам адам қатысады.
Коммуналдық техниканың бір бөлігі газға ауыстырылды. Биыл қыста көктайғақты болдырмау үшін пилоттық жоба аясында жаңа буындағы 1 141 тонна «Айсмелт» реагент қолданылады. Оны пайдаланған кезде жолдарда және тротуарларда кір дақтар болмайды. Сондай-ақ, құм-тұз қоспасы (26 238 текше м) дайындалды.