Бүгін елордада қысқы спорт маусымы ашылды. Шаңғы жарысына 270 адам қатысты. Астана қаласының спорт басқармасы Спорттық-бұқаралық шаралар өткізу дирекциясымен және №2 БЖСМ бірлесіп ұйымдастырған шара ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орайластырылған, - деп хабарлады Астана қаласы әкімінің баспасөз қызметі.
«1985 жылы ашылған шаңғы роллерлік трасса – спортшылар ұнататын орын. Мұнда жазда велосипедшілер мен роллерлер, ал қыста шаңғшылар жиналады. Дәстүр бойынша шаңғы-роллерлік трассада қысқы маусым шаңғы жарысымен ашылады. Биылғы алғашқы жарысқа қатысушылардың жасы әр түрлі, балалар да ардагерлер де бар», - деді Спорттық-бұқаралық шаралар өткізу дирекциясының басшысы Сайрамбек Әбілқайыров.
Қатысушылардың жас санатына қарай жүгіру қашықтығы да әртүрлі - 9 жастан асқан балалар үшін - 60 м, 2001-2002 ж.т. үшін - 3-5 км, ересектер үшін - 10 км.
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері кубоктармен, медальдармен және дипломдармен марапатталды. Айта кетейік, бүгін «ЭКСПО» ҰК да түрлі конкурстар мен викториналар өткізді.