Қыс мезгілінде Астана тұрғындары мен қонақтарын көптеген ойын-сауық түрлері күтіп тұр: мұз айдындары, слайдтар, шағын архитектуралық нысандар, фотоаймақтар және тағы басқалар. Осындай 60-қа жуық орын қаланың 6 ауданында ашылады және қыс бойы жұмыс істейді деп жоспарланып отыр деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Мұз айдындарын, слайдтарды, шағын архитектуралық нысандарды, фотоаймақтарды және басқа да элементтерді ашу бойынша монтаждау жұмыстары қараша айының ортасынан басталды. Ол желтоқсанның екінші онкүндігінде кезең-кезеңімен аяқталады.
Сарыарқа ауданында 12 сырғанақ пен 4 мұз айдынын жабдықтау жоспарланып отыр. Қалалық алаңда үлкен сырғанақ пен мұз айдыны, сондай-ақ мерекелік фотосурет түсіруге арналған қолайлы тақырыптық фотоаймақтар мен табиғи шырша орнатылады.
Бөгенбай батыр даңғылы, 43 бойындағы саябақ: табиғи шырша маңында орналасқан отбасылық мұз айдыны.
"Көктал" саябағы: түрлі жастағы адамдарға арналған екі сырғанақ, сонымен қатар жаппай сырғанауға арналған үлкен мұз айдыны.
Есіл өзенінің жағалауы: түрлі деңгейдегі 8 сырғанақ және өзеннің үстіндегі мұз айдыны.
А.Герцен және Оқжетпес көшелерінің қиылысы: қысқы демалысты көңілді өткізу үшін сырғанақтардың бірін орнату.
Байқоңыр ауданында негізгі ойын-сауық орындары мына мекенжайларда орналасады:
Есіл ауданында дәстүрлі түрде ЭКСПО аумағында мұз айдыны, сырғанақтар және шырша орнатылады. Сондай-ақ сырғанақ Пригородный елді мекенінде де ашылады, ал Жаңа жылдық шыршалар мына орындарды безендіреді: Түркістан көшесі жағындағы Ботаникалық бақ, Қабанбай батыр даңғылындағы көпір астындағы алаң, Пригородный елді мекенінде (Арнасай-Жаңадария көшелерінің қиылысы) және Достық көшесі мен Нұржол бульварының қиылысындағы жаңа алаң. Биыл шыршалар алты негізгі орынға орнатылады.
Алматы және Сарайшық аудандарында мына орындар жабдықталады:
"Астана-Арена" стадионының маңында екі мұз айдыны мен бір сырғанақ орнатылады. Сол сияқты үлкен мұз айдыны мен сырғанақ "Зеленый квартал" тұрғын үй кешенінің жанында ашылады. Жағалау скверінде сырғанақ орналасады, Үркер елді мекенінде сырғанақ пен мұз айдыны салынады. Бұдан бөлек, Ғашықтар саябағының аумағында, "Зеленый квартал" ТК жанында және Қабанбай батыр даңғылы мен Қорғалжын тасжолының қиылысында Жаңа жылдық фотоаймақтар ашылады.
Астана қаласының Ішкі саясат басқармасы ұсынған материал