Елордада 6 мыңнан астам адам салымшылары бар тұрғын үй кешендері заңсыз салынған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Астана прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Қазір құрылыс салушыларға қатысты 16 қылмыстық іс тергеліп жатыр, 12 адам қамауда отыр", - делінген ведомство таратқан хабарламада.
Құны 7 млрд теңгеден асатын аяқталмаған құрылыс объектілерін өндіріп алу туралы прокурордың 8 талабы сотпен қанағаттандырылды.
"Салынып жатқан тұрғын үй кешендерінде пәтерлерді заңсыз сатуды жүзеге асырған 51 құрылыс салушы әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодекстің 320-бабы бойынша жауаптылыққа тартылды", - деп хабарлады Астана прокуратурасы.
Бұдан басқа, рұқсат құжатсыз үлескерлердің қаражатын заңсыз тарту жүзеге асырылған Qurmangazy тұрғын үй кешені бұзылды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!