Астанада құрылыс компаниясы 300 отбасыны сан соқтырған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Астана Полиция департаменті "Жаңа Арқа" тұрғын үй кешенінің салымшыларының арызымен алаяқтық дерегі бойынша соталды тергеу жүргізіп жатыр. Тергеу барысында құрылыс салушы тиісті рұқсатсыз және заң талаптарын бұзып, тұрғын үй кешенін салуға азаматтардан қаражат тартқаны анықталған.
"Құрылыс компаниясының қылмыстық әрекеті салдарынан 300-ден аса отбасының мүддесіне 4 млрд теңге көлемінде залал келген. Тергеу органы кінәлі адамды ұстап, сот санкциясымен қамауға алды. Тергеу жалғасып жатыр", - деді Астана прокуратурасы өкілі.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!