- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Астанада құрылыс алаңында...
Астанада құрылыс алаңында мұнара краны құлап, бір адам зардап шекті
Астанада Capital Park тұрғын үй кешенінің құрылыс алаңында мұнара краны опырылып, краншы зардап шекті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетіне сілтеме жасап.
Оқиға 9 мамырда сағат 11.45-те Есіл ауданындағы 38-көшенің бойында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, салынып жатқан үйлердің арасында мұнара кран құлаған.
"Мұнара кранын орнату кезінде ол опырылып, оның құрылымы автокран кабинасына құлады. Салдарынан краншы 1999 жылы туған И.П.Андрюшкин бірнеше жарақатпен ауруханаға жатқызылды. Зардап шегушінің жағдайы орташа ауыр", - деділінген хабарламада.
Оқиғаның басқа мәліметтері айтылмады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Г. Досымшалова