Елордада жеткізу қызметін пайдаланып, алаяқтық жасаған ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Байқоңыр аудандық криминалдық полиция қызметкерлері алаяқтық дерегі бойынша 32 жастағы ер адамды ұстады. Тергеу барысында күдікті жеткізу қызметінде жұмыс істейтіні анықталған.
Жәбірленуші курьер шақырып, оның көлігіне сатып алған 200 дана құрылыс материалын тиеп берген. Алайда күдікті сенімге кіріп, жүкті белгіленген мекенжайға жеткізбестен, қабылдау пунктіне өткізіп жіберген.
Осылайша, түскен қаражатты жеке пайдасына жаратқан.
"Күдікті өз кінәсін толық мойындады. Келтірілген материалдық шығын көлемі - шамамен 300 мың теңге. Бұл дерек бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр", - деді полиция.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова