Астана тұрғындары Құрбан айттың алғашқы күні қоғамдық көлікпен тегін жүре алады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Биыл 16 маусым - Құрбан айт мерекесі. Астана қаласы әкімдігінің шешімімен Құрбан айт мерекесінде, яғни 16 маусымда елорданың қоғамдық көлігінде (қалалық және қала маңы бағдарлары - еск.) жол жүру тегін болады.
"Қоғамдық көлік жұмысы сағат 06:00 басталады. Түнгі №№ 201, 202, 203 автобустарында да 16 маусымға қараған түні жол жүру тегін болады. Түнгі бағдарлардың қозғалысын Avtobys мобильді қосымшасы арқылы бақылауға болады", - деп жазылған хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін қазақстандықтар Құрбан айтқа орай демалмайтыны хабарланған еді.
Дүйсенбі, 17 маусым жұмыс күні болады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өкілдері мәлімдеді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!