- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Астанада құны 50...
Астанада құны 50 миллион теңге болатын 10 тонна насыбай өртелді
Астанада рейдтер барысында аудандық әкімдіктер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері тағы 10 тонна насыбай тәркіледі. Оның құны 50 миллион теңгеден асады. Тәркіленген барлық өнім жойылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Жастар рухы" ЖК белсенділері насыбайды жою жөніндегі акцияны өткізу барысында "Таза Қазақстан" туы желбіреді.Осылайша жастар экоакцияны қолдап, тыйым салынған заттардың зиянды әсерін атап өтті.
Естеріңізге сала кетейік, 18 наурыздан бастап Астананың барлық ауданында вейп пен насыбайдың заңсыз таралуы мен қолданылуын анықтау бойынша рейдтер өтіп жатыр. Полицейлер сауда нүктелерін тексереді және 25 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде айыппұл сала отырып, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің (ӘҚБтК) 196-бабына сәйкес құқық бұзушыларды әкімшілік жауапкершілікке тартады. Анықталған өнімдер жергілікті орындардан тәркіленеді.
"Біз өз қаламызды жаман әдеттерден арылтамыз. Жастарды және еліміздің басқа өңірлерін жаман әдеттердің орнына спортпен және басқа да пайдалы істермен айналысуға шақырамыз. Бұл ауқымды акция, ол бойынша жұмыс тұрақты негізде жүріп жатыр", - деді елорданың Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Самат Ибраев.
Айта кету керек, бұған дейін елордада 4 тонна шегілмейтін темекі өнімдері жойылған болатын.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан