- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Астанада құжаттар рәсімдеп...
Астанада құжаттар рәсімдеп беремін деген алаяқ ұсталды
Астанада жүргізуші куәлігі мен әскери билетті рәсімдеуге байланысты алаяқтық анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Сарыарқа ауданының криминалдық полиция қызметкерлері алаяқтық жолмен жүргізуші куәлігі мен әскери билетті рәсімдеуге көмек көрсету сылтаумен ақша иемденген 21 жастағы жігітті ұстады.
Жігіт жүргізуші куәлігін рәсімдеу мүмкіндігі бар екеніне танысын сендірген. Оның тұзағына 20 жастағы қала тұрғыны түсіп қалған, оған жоғалған құжатты қалпына келтіріп, жұмысқа орналасу үшін әскери билет керек болған. Алаяқ клиенттің сеніміне кіріп, одан 250 мың теңге алған.
Ақшаны алғаннан кейін күдікті байланысты тоқтатқан. Алдаудың құрбаны болғанын түсінген жәбірленуші полицияға жүгінді.
Күдікті кінәсін мойындады. Алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Сатыбалдина