Астанада ер адам әйелге пышақпен шабуыл жасап, кейін өз-өзіне қол жұмсамақ болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Желіде ер адам бірге тұратын әйелмен жанжалдасып, оған пышақ жарақатын салып, одан кейін өзін-өзі өлтірмек болды деген ақпарат тарап жатыр.
Астана полиция департаментінің мәліметінше, оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
"Аталған факті бойынша Байқоңыр аудандық ішкі істер бөлімі Қылмыстық кодекстің 99-бабы "Адам өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп, бірқатар сот-медициналық сараптамалар тағайындалып, қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.
Ведомство күдіктінің өз-өзіне қол жұмсамақ болғаны туралы түсінік бермеді.
Астана полиция департаменті тергеу мүддесі үшін қосымша ақпарат жарияланбайтынын ескертті.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!