Астанада Кравцов көшесі бірнеше күнге жабылады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қала әкімдігі мәліметінше, 19 және 22 тамыз аралығында А.Кравцов көшесі бойынша Ш.Уәлиханов көшесінен Ж.Тәшенов көшесіне дейінгі учаскеде жол төсемінің жоғарғы қабатын төсеу жұмыстары жүргізіледі.
"Осыған байланысты көлік қозғалысы ішінара жабылады. Бұл ретте қозғалыс екі бағытта жолдың бір жағымен ұйымдастырылады", - деді әкімдік өкілдері.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!