Астанадағы құрылыста кран құлап, зардап шеккен ер адамның жағдайы белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Жәбірленушінің немере әпкесі Алена Юцевичтің айтуынша, ер адамға операция жасалған, ол әлі де жансақтауда.
"Ағам Астананың №1 қалалық ауруханасына жағдайы орташа дәрежеде түсті. Бірақ тексерістен кейін ауруханада жағдайы ауыр екені айтылды. Ол қазір отадан кейін жансақтауда. Дәрігерлер әлі ешқандай болжам жасамады. Өзіміз де әлі ештеңе білмейміз, жағдайы жақсарғанын күтеміз", - деді ол.
Еске салайық, бұған дейін Астанада құрылыс алаңында мұнара краны құлап, бір адам зардап шеккені хабарланған еді. Алдын ала ақпарат бойынша, мұнара краны салынып жатқан үйлер арасына құлаған.
Осы дерек бойынша Есіл ауданының Полиция басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабы бойынша соталды тергеуді бастаған болатын.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!