Астанада кран құлап, бір адам қаза тапты

Астанадағы құрылыс алаңдарының бірінде кран құлап, кран жүргізушісі қаза тапты. Алдын ала мәлімет бойынша, қайғылы оқиға кеше болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Tengrinews.kz редакциясына оқиға орнынан түсірілген видео жолданды.

"Кеше болған оқиға. Ол дауылға қарамастан жұмыс істеп жатқан. Ауыр жабын плиталарын орнатып жатқан. Отбасындағы жалғыз ұл еді", - деді дереккөз.

Сондай-ақ, марқұмның жасы 30-да болғаны, ал отбасы Ташкенттен Астанаға көшіп келгені хабарланды.

Tengrinews.kz редакциясы ресми пікір алу үшін қалалық полиция департаментіне жүгінді.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!