Астанада кран құлауы салдарынан бір адам қаза тауып, тағы екі адам зардап шекті. Зардап шеккендердің бірі ауыр хәлде жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оқиға бүгін Қорғалжын тасжолында, №100 мектепке жақын жерде салынып жатқан ғимарат маңында болған.
Елорданың денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, жарақат алған екі адам Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығына жеткізілген.
Науқастардың бірінің жағдайы ауыр деп бағаланып отыр. Зардап шеккен екінші адам стационарда медициналық көмек алып жатыр.
Тағы бір адам оқиға орнында көз жұмды. Оның сүйегі полиция қызметкерлеріне тапсырылған.
Айта кетейік, бұл - кейінгі бірнеше күн ішінде Астанада құрылыс краны құлаған екінші оқиға. 27 тамызда да құрылыс алаңында кран құлаған болатын. Салдарынан бір ер адам қаза тапты.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!