Астанада қоймадан шыққан ірі өрт сөндіріліп жатыр

Астанада өртсөндірушілер Байқоңыр ауданындағы қоймадағы өртті сөндіріп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ТЖМ мәліметінше, оқиға орнында күштер мен құралдар жоғары дәрежеде жұмыс істеп жатыр.

"Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - деп жазылған хабарламада.

Өртсөндірушілер ғимараттың шатырын ашып, өртті сөндіріп жатқаны айтылды.

"Оқиға орнында өрт сөндіру штабы құрылды. Өртті сөндіру қатты түтінге байланысты қиынға соғып отыр. Зардап шеккендер туралы ақпарат 112-ге түскен жоқ", - деп жазылған хабарламада.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!