- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Астанада көшенің қақ...
Астанада көшенің қақ ортасында әйел есінен танып құлаған
Астанада орналасқан ҚР Ұлттық ұланы 5573 әскери бөлімінің сарбаздары қалада қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету кезінде есінен танып қалған әйелге алғашқы көмек көрсетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға 30 маусым күні сағат 17:00 шамасында болған. Қала тыныштығын қадағалап жүрген патрульдік топ бастығы қатардағы жауынгер Жанат Балтин және оның көмекшілері Сұлтан Тумаков пен Исмайыл Керей "Атырау" жаяу жүргіншілер көпірінің жанындағы патрульдеу бағыттарының бірінде есінен танып қалған әйелді көрген.
Ұландықтар тұрғынға дереу алғашқы көмек көрсетіп, қауіптің алдын алды.
"Біз өзімізге жүктелген жерді барлау барысында күтпеген жерден көшеде ес-түссіз жатқан әйел адамды көрдік. Оған жүгіріп барып, алғашқы көмек көрсеттік. Содан кейін оқиға орнына дәрігерлер шақырылды", - деді қатардағы жауынгер Жанат Балтин.
Жедел жәрдем бригадасы келгеннен кейін әйел қалалық ауруханаға жеткізілді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
М. Лұқпан