Астанада көшеде атпен жүрген блогер жауапқа тартылды

Астанада көшеде атпен жүрген блогер жауапқа тартылды
Фото: Видео кадры

Астанада көшеде атпен жүрген блогер әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Полицияның мәліметінше, 35 жастағы ер адам атпен тасжолдар және жаяу жүргіншілер жолымен жүріп, тұрғындарға қолайсыздық туғызған.

Сондай-ақ, ол "Бәйтерек" монументі маңына барған кезде жануар қоғамдық орындардың бірінде аумақты ластап, көгалды бүлдірген.

Осы оқиғаға байланысты азамат абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған айыппұл салынды.

Блогер бұл әрекетін ойын-сауық мекемелерінің біріне арналған жарнама бейнеролигін түсіру мақсатында жасағаны анықталған.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget