- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Астанада Қорғаныс министрлігінің...
Астанада Қорғаныс министрлігінің ғимаратында өрт шықты
Фото:
Видеодан алынған кадр
Қазақстан Қорғаныс министрлігінің ғимаратында өрт шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Куәгерлердің айтуынша, өртсөндірушілер әлі оқиға орнында жұмыс істеп жатыр. Министрлік кеңселерінің бірінде өрт шыққан. Өрт оқшауланған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Руслан Иманқұловтың айтуынша, кеңседе өрт шыққаны туралы қоңырау түсіп, бөлімшелер оқиға орнына аттанған.
"Ғимаратта 10 шаршы метр аумақты алған кеңсе жиһазы өртенген. Өрт сағат 13.42-де сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, өрттің шығу себебі анықталып жатыр", - деді Иманқұлов.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек