- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Астанада Қорғаныс министрлігі...
Астанада Қорғаныс министрлігі аумағында дрон ұшырған екі ресейлік ұсталды
Астанада Қорғаныс министрлігі аумағында дрон ұшырған екі ресейлік ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Басылым мәліметінше, Ресейдің екі азаматы Есіл аудандық полиция бөліміне жеткізілген. Істі тексеру барысында 21 және 28 жастағы жастардың Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі аймағында және жағалау маңында ұшқышсыз ұшақтарды ұшырғаны анықталған.
Азаматтардың квадрокоптерді пайдалануға рұқсаттары болмаған.
"Құқықбұзушылықтар ақпаратты есепке алу кітабына тіркеледі. Қазіргі уақытта материал заңды шешім қабылдау үшін Азаматтық авиация комитетіне жіберілді. Аталған тұлғалармен профилактикалық әңгіме жүргізілді. Астана қаласының Полиция департаменті Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану тәртібін бұзғаны үшін жауапкершілік бар екенін ескертеді", - делінген хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Г. Досымшалова