Астанада қоғамдық орында пиротехникалық өнімді пайдаланған 40 жастағы ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оқиға Тұран даңғылы бойындағы көпір астында болған.
Қоғамдық тәртіпті бақылау барысында полиция қызметкерлері ер адам пиротехникалық бұйымдарды іске қосып жатқанын анықтаған.
"Тексеріс нәтижесінде ер адамға әкімшілік хаттама толтырылды. Сот шешімімен оған бес тәулік мерзімге әкімшілік қамақ түріндегі жаза тағайындалды", - деді Астана ПД өкілі.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!