Елордалық құтқарушылар Есіл ауданындағы Сауран көшесінің бойында орналасқан тоғыз қабатты тұрғын үйден шыққан өртті сөндіріп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ведомствоның мәліметінше, бірінші қабаттағы пәтер өртеніп жатыр. Өрт кезінде қою түтін шыққан.
"Өрт сөндіру оқпандары тартылып, тілсіз жауды сөндіру үшін шаралар қабылданып жатыр. Тұрғындарды эвакуациялау жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады ведомстводан.
Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.
Құтқарушылар ашық жалынды басып, өртті оқшаулады.
"Тұрғындарды эвакуациялау үшін автосаты мен үш иінді саты жұмылдырылды. Өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр", - деп мәлімдеді ТЖМ.
Автосаты көмегімен эвакуациялау. ТЖМ баспасөз қызметінің фотосы
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Massaget.kz