Астанада көпқабатты тұрғын үйдің терезесінен дәрет сындырған ер адам ұсталды

Астанада көпқабатты тұрғын үйдің терезесінен дәрет сындырған ер адам 10 тәулікке қамауға алынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Полиция Әйтеке би көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйдің терезесінен дәрет сындырған ер адамды анықтады. Құқық бұзған адам ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді.

Ол елорданың 43 жастағы тұрғыны болып шықты.

"Ер адам ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ол сот шешімімен 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды", - деді ІІМ өкілдері.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!