7 наурызда Астана қаласындағы көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ТЖМ мәліметінше, 7 наурыз күні сағат 11:12-де елордалық ТЖД өрт сөндіру бөлімшелері Конституция көшесі, 22 мекен-жайына алты қабатты тұрғын үйдің төртінші қабатындағы пәтерде шыққан өртті сөндіруге шықты.
"Өртті сөндіру барысында елордалық өрт сөндірушілердің күшімен 4 адам, оның ішінде екі бала құтқарылды. Өрт 11:26-да оқшауланып, 12.07-де сөндірілді", - делінген хабарламада.
Астана ТЖД жеке құрамының 27 адамы және 7 техникасы жұмылдырылды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!