Астанада көпқабатты тұрғын үйдің 12-қабатындағы пәтерден өрт шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 21:30-да Қайым Мұхамедханов көшесінде пәтер өртеніп жатыр деген хабар түсіп, елордалық өрт сөндірушілер оқиға орнына аттанған.
"Құтқарушылар тиісті мекенжайға келген кезде 12-қабаттағы пәтердің терезесінен сыртқа жалын көрініп, ас үйде және балконда тұрмыстық заттар мен жиһаздар жанып жатқаны анықталды", - делінген хабарламада.
Сағат 21:51-де өрт сөндірушілер өртті ауыздықтады. Өртті сөндіруге Астана қаласының ТЖД жеке құрамының 24 адамы мен 5 техникасы жұмылдырылды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!