Астаналық прокуратураның шараларымен көпбалалы отбасыларға арналған 15 пәтер мемлекетке қайтарылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Заңбұзушылық сот актілерін зерделей отырып, прокуратура мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың орындалуына талдау жасау барысында анықталған.
Құрылыс салушы көпбалалы жанұяларға арналған 15 пәтерді уәкілетті органның балансына беру бойынша шарттық міндеттемелерді 2022 жылдан бері орындамағаны анықталды.
Прокурорлық қадағалау актісі бойынша 10 пәтер конкурс өткізу және кейіннен көпбалалы отбасыларды қамтамасыз ету үшін уәкілетті органның балансына берілді, 5 пәтер тапсырылу сатысында.
Кінәлі лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!