Астанада көпбалалы ана бесік арбамен қаланы аралап жүріп, есірткі жарнамалаған

Астанада көпбалалы ана бесік арбамен қаланы аралап жүріп, есірткі жарнамалаған
Фото: Видео кадры

Астанада полицейлер балалар арбасымен қаланы аралап жүріп, есірткі тасымалдайтын курьерлер мен дропперлердің жұмысын жарнамалайтын QR-кодтары бар жапсырмаларды жапсырған 27 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Тергеушілер бақылау камерасының түсірілімдерінен күдікті әрекетті байқады: әйел ғимараттарға, кіреберістерге, шлагбаумдарға, тіпті кондиционерлерге стикерлер жапсырған. Жедел іздестіру шараларынан кейін әйел ұсталды.

Белгілі болғандай, ол телеграм-арналардың біріне тіркеліп, куратордан қала бойынша 500-ге жуық стикер жапсыру туралы тапсырма алған.

Әйел мұның қандай жұмыс екенін білген.

Қазір күдіктіге қатысты есірткіні насихаттап, заңсыз жарнамалағаны үшін қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған әйелдің төрт баласы бар.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

А. Жапатова