Астанада Конституция күніне орай қандай іс-шаралар өтеді?

30 тамызда Конституция күні атап өтіледі. Осыған байланысты Астанада 50-ден аса мәдени, спорттық, әлеуметтік іс-шара өткізу жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

29 тамызда "Астана қаласы мемлекеттік архиві" ММ-нің әлеуметтік желілерінде "Конституция - тұрақтылық пен өркендеудің негізі" атты виртуалды көрме өткізіледі. Сонымен қатар, осы күні Есіл өзенінің жағалауында сағат 19:00-де "Жасай бер, қазақ елі" концерті ұйымдастырылады.

29 тамызда сағат 10.00-ден бастап Ұлттық музейде Конституция күніне орай салтанатты іс-шара өтеді. жоспарланған.

28-29 тамыз күндері сағат 10.00 ден 18.00-ге дейін Байқоңыр ауданындағы Жазушылар аллеясында "Конституция – мәңгілік елдің тұғыры" атты кітап көрмесі ұйымдастырылады.

29 тамызда сағат 10.00-де Ж.Досмұхамедұлы, 2 мекенжайында № 55 орта мектепте Байқоңыр ауданының тұрғындары арасында шағын футболдан жарыс өтеді.

29 тамызда сағат 17:00-де Жастар сарайында "Жасыл ел" жобасының жабылу салтанаты өтеді. Жиын барысында концерттік бағдарлама ұйымдастырылады және үздік сарбаздар марапатталады.

30 тамызда сағат 9.00-де "Аспан" спорт кешенінде 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойыны аясында және Конституция күніне арналған жастар мен ересектер (ерлер, әйелдер) арасындағы асық атудан қалалық ашық кубок ұйымдастырылады.

30 тамызда сағат 8.00-де "Ботаникалық саябақта" бұқаралық жүгіру; 30-31 тамызда сағат 9.00-де "Дәулет" МКҚК-де әуесқойлар арасындағы теннис турнирі; 31 тамызда Сарыарқа ауданы аумағында аудан тұрғындары арасында SARYARQA RUN марафоны өткізіледі.

30 тамызда Нұра ауданының мектеп оқушыларына "Атамекен" этно-мемориалды комплексіне экскурсия жүргізіледі.

30 тамызда сағат 11:00-ден бастап 20:00-ге дейін Еркеғали Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармонияда "Жас Әлем" балалар фестивалі ұйымдастырылады.

31 тамызда сағат 19:00-де Е.Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармонияда "ALEM" заманауи этно-шоу балетінің "NOMADS FIRE" концерті өтеді.

2024 жылы қазақстандықтар Конституция күніне қанша күн демалады?

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!