- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Астанада қонаққа келген...
Астанада қонаққа келген жігіт үй иесінің телефонын ұрлап кеткен
Астана қаласындағы Сарыарқа аудандық криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында ұрлық жасады деген күдікпен 39 жастағы қала тұрғынын анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Рolisia.kz-ке сілтеме жасап.
Тергеу барысында ер адамның досына қонаққа барғаны белгілі болған.
"Бірлескен бас қосудан кейін үйіне қайтуға дайындалып жатқанда, қаскүнем шыға беріс дәлізде ұялы телефонның қуаттағышта тұрғанын байқаған. Осы сәтті пайдаланып, күдікті гаджетті ойланбастап алып кеткен. Қонақ кеткен соң әйел телефонының жоғалғанын біліп, полицияға хабарласқан", - делінген хабарламада.
Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, оның елордада жасалған осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
А. Жайыққызы