- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Астанада компания директоры...
Астанада компания директоры мемлекеттік астық қорын жымқырған
"Астық қоймалары" ЖШС өкілдіктерінің директоры сотталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты "Астық қоймалары" ЖШС "№2 Нан базасы" және "№5 Нан базасы" өкілдіктерінің бұрынғы директоры Жүсіповке қатысты үкім шығарды.
Ол 160 млн теңгеден астам сомаға азық-түлік астығының мемлекеттік резервтік қорын жымқырғаны және оның 118 млн теңгеден астам сомаға 996 тонна мөлшерінде бүлінуіне әкеп соққан немқұрайлығы үшін кінәлі деп танылды.
Сот үкімімен мүлкі тәркіленіп, 8 жыл 5 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сонымен қатар мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымды қызмет атқару құқығынан айырылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина