Астанада қоғамдық тәртіпті бұзған әйел жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында полиция қызметкерлері елордадағы аялдама павильондарының бірінде қоғамдық тәртіпті бұзу дерегі көрінетін видеоны анықтаған.
Кадрда әйелдің қолында автоматқа ұқсас зат көрінеді.
"Әйел адам ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның қолындағы зат ойыншық автомат екені анықталды. Сот шешімімен оған 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды", - деп жазылған хабарламада.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова