Астанада жүргізушілерге арналған жаңа ережелер күшіне енді. 10 тамыздан бастап транзиттік ауыр жүк көліктерінің елордаға кіруіне тыйым салынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Елорда әкімдігі транзиттік көлік қозғалысының схемасын өзгертті. Осы сәттен бастап қала арқылы транзитпен өтетін жүк көліктері Астананың айналма жолына бағытталады.
Жаңа ережелер әкімдіктің 27 шілдедегі қаулысымен бекітілді. Құжат 10 тамызда күшіне енді.
Айта кетейік, қарапайым жеңіл көліктер үшін ештеңе өзгермейді, қолданыстағы заңнамада олардың қала ішінде жүруіне ешқандай шектеу қарастырылмаған.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!