Кешеден бері Астана тұрғындары 8 тамыздағы оқиғаның қайталануынан қорқып, автомобильдерге зиян келтірген қатты бұршақты күтіп жүр. Ал қала тұрғындарына ықтимал жауын-шашын туралы ескертумен SMS-хабарламалар келіп, әлеуметтік желіде алдағы күндері елорданың ауа райына қатысты тақырып қызу талқыға түсті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алдағы күндерге ауа райы болжамын білу үшін редакция Қазгидрометке жүгінді. Синоптиктер 15 тамызда елордада күндіз найзағай соғып, бұршақ жауады деп ескертті. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні секундына 15-20 метр. Алайда, 8 тамыздағыдай күшті бұршақтың қайталану ықтималдығы төмен.
"Астанада жауын-шашын күннің екінші жартысында болады деп болжанды. Сондай-ақ, бұршақ жаууы мүмкін, бірақ жергілікті құбылыс, ол бүкіл қала мен метеостанцияны қамтымай-ақ өтуі мүмкін", - деді синоптиктер.
Алдағы екі күнде елордада бұршақ жауады деп болжанды. 16 тамызда Астанада көшпелі бұлт, кейде жаңбыр, найзағай күтіледі, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-батыстан жел соғады 9-14, екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 11-13, күндіз 21-23 жылы.
17 тамызда көшпелі бұлт, кейде жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ болуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан жел соғады, 9-14, екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 11-13, күндіз 21-23 жылы.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!