- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Астанада көліктен телефон...
Астанада көліктен телефон ұрлаған тұрғын видеоға түсіп қалды
Астанада көліктен телефон ұрлаған тұрғын видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Байқоңыр ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері ұрлық жасады деген күдікпен 48 жастағы елорда тұрғынын анықтады. Ер адам Астана қаласының ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Тергеу барысында қаскүнем күндізгі уақытта Абай даңғылының бойымен кетіп бара жатып тұрақта тұрған "JAC N35" автокөлігін байқағаны белгілі болды. Ол көлікке жақын барып, есігін тартып көрген. Машинаның ашық тұрғанын түсінген қаскүнем ойланбастан салоннан "Samsung Calaxy А13" маркалы ұялы телефонды ұрлап әкеткен. Ер адамның бұл іс-әрекеті көшедегі бейнебақылау камерасына түсіп қалған.
Бұл дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы "Ұрлық" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қазір оның елорда аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова