Астанада көлікте отырған жолаушыдан есірткі табылды

Астанада полицейлер жолаушыдан мефедрон тәркіледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері ішінде 33 жастағы жолаушы отырған BMW автокөлігін тоқтатты. Тінту нәтижесінде оның жанынан ұнтақты заты бар целлофан табылды. Сараптама қорытындысы тәркіленген зат мефедрон синтетикалық есірткісі екенін растады.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ер адам өз кінәсін мойындады. Ол Астана қаласы ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оның бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз