Астана тұрғыны полицияға арызданып, белгісіз екі адам көлікті ашу арқылы оның ішіндегі қымбат құрал-жабдықты алып кеткенін айтқан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Алматы аудандық полиция басқармасының қызметкерлері күдікті екі жігітті ұстаған. Белгілі болғандай тергеушілер күдіктілердің таңертең көлікті бұзып, екі ноутбукты ұрлап кеткенін анықтаған. Келтірілген шығын көлемі 800 мың теңгені құраған.
Жастар жасаған кінәсін мойындап, олардың бұрын жасалған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталып жатыр. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!