Астанада ер адам тұрақта тұрған көлікті бүлдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қабанбай батыр даңғылындағы тұрақта 20 жастағы ер адам мас күйінде Mazda маркалы көліктің үстінде секіріп, оған зақым келтірген. Салдарынан көліктің алдыңғы әйнегі сынған.
"Оқиға орнына келген полицейлер ер адамды ұстап, полиция бөліміне жеткізді. Ұсақ бұзақылық дерегі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Сот шешімімен оған 10 тәулікке әкімшілік қамау түріндегі жаза тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!