- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- өрт туралы
Астанада көлік өртке оранды
Астана қаласында көлік өртенді. ТЖМ өкілдері жағдайға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мәліметке сүйенсек, елордалық өртсөндірушілер жанып жатқан көлікті сөндірген. Алматы ауданы А.Храпатый көшесі бойында жеңіл көліктің салоны мен қозғалтқыш бөлігі өртке оранған.
"Құтқарушылардың кәсібилігінің арқасында өрт жедел сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, өрттің себебі анықталып жатыр", - деп жазылған хабарламада.
ТЖМ өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.
Еске салайық, 17 қарашада Астанада жантүршігерлік оқиға болды. Жеке екі қабатты тұрғын үйдің шатыры өрт салдарынан опырылып, төрт бала қаза тапты. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Елорда әкімдігі зардап шеккен отбасыларға көмек көрсетуге уәде берді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова