- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Астанада көлік көп...
Астанада көлік көп жүретін даңғылдың бір бөлігі уақытша жабылады
Фото:
depositphotos.com
Астана көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Тұран даңғылы мен Сығанақ көшесінің қиылысында жол төсеміне жөндеу жұмыстарының жүргізілетінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Осыған байланысты 29-30 тамыз аралығында жоғарыда аталған учаске толығымен жабылады.
Бұл ретте көлік құралдарының қозғалысы оң жақ съездер бойынша бағытталады.
"Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды", - делінген әкімдік таратқан хабарламада.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
М. Лұқпан