Астанада көлік жөндеу орталығы өртеніп, бір көлік жанып кетті

Астанада көлік жөндеу орталығы өртеніп, бір көлік жанып кетті
Фото: astanatv.kz

Астанада көлік жөндеу орнында өрт шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Astana TV мәліметіне сілтеме жасап.

Техникалық қызмет көрсету орталығы төрт қабатты үйдің бірінші қабатында орналасқан. Ол жерде көліктерді бояу цехы орналасқан. Жоғарғы қабаттардан 30-ға жуық адам өз күшімен сыртқа шыққаны айтылды. Өрт орнында тұрғындарға арналған жылу орталығы орнатылған.

Өрт салдарынан 1 жеңіл көлік жанып, 9 автокөлік жалын әсерінен зардап шеккен. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

20 шаршы метр аумақтағы өрт сөндірілді.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Д. Шәріпхан
Logotype Massaget