Астанада қоқыс полигоны өртеніп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, өрт сөндірушілер Астананың Байқоңыр ауданындағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны аумағындағы жалынмен күресіп жатыр.
Өрттің алдын ала ауданы - 500 шаршы метр. ТЖД мен ЖАО күштері мен құралдары жұмылдырылған.
Рекультивация жұмысы кезінде қоқыс ашық жалынмен жана бастаған.
Жел отты сөндіруге кедергі жасағанына қарамастан, жалынның жан-жаққа таралу қаупі жоқ.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!