Астанада қоғамдық іс-шара кезінде балағат сөздер айтқан спортшы жауапқа тартылды

Астанада қоғамдық іс-шара кезінде балағат сөздер айтқан спортшы жауапқа тартылды
Фото: Видео кадры

Астанада қоғамдық орында балағат сөз айтқан спортшы жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ІІМ мәліметінше, спортшы қоғамдық іс-шара кезінде балағат сөздер айтқан.

"Ол қоғамдық орында әдепсіз сөздер айтып, айналасындағыларға құрметсіздік таныту арқылы ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды. Сот шешімімен оған 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды", - деді Астана ПД өкілі.

Алайда полиция спортшының аты-жөнін атамады.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget