Астанада қоғамдық қорғаушы тергеу изоляторына телефонды ішкиімге салып өтпек болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
6 мамырда Астанадағы тергеу изоляторында жедел бөлім қызметкерлері тексеру тобының бақылаушысымен бірлесіп, тергеліп жатқан, қамауға алынған адамның қоғамдық қорғаушысынан телефон тәркіледі.
Әйел мобильді құрылғыны ішкиімге жасырған. А.-ға қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 481-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!