Астанада Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысы қызметінен кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы Тимур Мұратов Facebook-парақшасында 29 шілдеде бұл лауазымдағы соңғы жұмыс күні екенін жазды. Ол 2020 жылдың шілдесінен бастап елордалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметін атқарып келеді.
"Үш жыл... Осы уақыт ішінде сіздермен бірге медициналық көмектің сапасын арттырдық, басым бағыттарды жетілдірдік, қолайлы еңбек жағдайын жасадық, медицинадағы мақсатымызды күнделікті істедік – адам өмірін сақтап қалу, денсаулықты сақтау үшін күресу. Біз жаңа онжылдықтың қорқынышты пандемиясына – коронавирус инфекциясына қарсы тұрдық", - деп жазды Тимур Мұратов әріптестерімен түскен суретін жариялап.
Айта кетейік, Тимур Мұратов Астана қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметіне пандемия басталған жылы тағайындалған болатын.
Мұратов медицина саласында 20 жылдан аса еңбек еткен. №6 қалалық емханада дәрігер болып бастаған ол осы жылдары №2 қалалық аурухананың бөлім меңгерушісі, №2 қалалық ауруханада бас дәрігердің медициналық қызмет сапасын бақылау жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарған, №2 Ақмола облыстық ауруханасының бас дәрігері болған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!